БӘС ТІГУ ҚҰМАРЛЫҒЫ – ҒАСЫР ДЕРТІ

halyqline.kz сайтынан

Посткеңестік кеңістіктен бастау алған спорттық ойындарға бəс тігуге деген құмарлық – біздің елде шектен шығып, əлі күнге дейін жалғасуда. Ал әлем бойынша бұрыннан тамырын жайған. Бұл лотерея билеттерінен бастап казиноға дейінгі ойынның барлық түрлеріне қатысты. Ал спорттық бəс тігулер мұнда бөлек блок ретінде енгізілген.

ҚҰМАР ОЙЫН ДЕГЕНІМІЗ НЕ ЖƏНЕ ОЙЫНДАРҒА АҚША ТІГУГЕ ДЕГЕГ ТƏУЕЛДІЛІК ҚАЛАЙ ПАЙДА БОЛАДЫ?

         Бəс тігуге тəуелділіктің бірнеше көрінісі бар. Көбінесе ойыншы өзінің қазірдің өзінде ауырып қалғанын түсінбей, бәс тігудің санын немесе спорттық ойындардың санын көбейте беріп, құмарлығын одан сайын жалғастыра береді.

Құмар ойындардың психологиялық түсініктемісіне тоқтала кетсек, тəуекел тобына өмірлік ұстанымына немесе материалдық жағдайына көңілі толмайтын адамдар кіреді. Көбінесе құмар ойындар есірткіге тəуелділік немесе ішімдік сияқты басқа жаман əдеттермен бірге жүреді.

Құмар ойындарға тəуелділіктің пайда болуының жеке себептерінің бірі – ештеңе жасамай-ақ, тез байып кетуге деген ұмтылыс. Кейбір психилог мамандарының пікірінше, букмекерлік кеңселер өз клиенттерін жоғары (немесе төмен) коэффициенттермен азғырып, «оңай ақша» ұтып алуды ұсынып, олардың тез ақшаға деген құмарлығын жиі пайдаланады.

АДАМ НЕГЕ ОНДАЙ МАНИПУЛЯЦИЯҒА БОЙ БЕРЕДІ?

 Жауап адам ағзасында жатыр. Бəс тігілгеннен кейін, ойын бастала салысымен адреналин қанға еніп, ми эндорфин гормонын шығарады. Ол адамға бірнеше минут/сағат бойы бақыт пен рақат сыйлайды. Шынында, бұл құмарлықтың бір түрі.

Кейбір ойыншылар дозаға бірден үйреніп кетеді, ал басқалары процесті созып, «препарат» сізді толығымен иемденген кезде, бəс тігуден бас тартудың жолы сәтсіздікке ұшырайды.

Ең бірінші сəтті ұтыс – сізді жақын арада жайлы өмір сүру туралы армандар əлеміне апаруы мүмкін, сорақысы сіз одан өз бетіңізше шыға алмай қаласыз. Құмар ойынша жеңісті емес, адреналин іздейтінін түсіне бастағанша бірнеше жыл уақыт кетуі де мүмкін.

ҚҰМАР ОЙЫНДАРҒА ТƏУЕЛДІЛІКТІ ЕМДЕУ

Бізге бұрыннан белгілі болғандай, құмар ойындарға тəуелділік есірткіге құмарлық сияқты аурудың қасиеттеріне ие. Яғни, ойыншыға өзін жақсы сезіну үшін аталмыш ойын түрі керек. Тиісінше, ойынға тəуелділікті емдеу есірткіге тəуелділікті емдеуге өте ұқсас.

Бірінші қадам – спортқа ставка жасауды мүлдем тоқтату. «Дозаны», яғни бəс тігуге арналған банкті азайтып, өз-өзін алдамау. Егер сіз ойын-сауық шегінен өтіп кеткеніңізді сезсеңіз, спорттық бəс тігуден бас тартыңыз.

Осы орайда кейбір букмекерлік кеңселер көмектесе алады. Қызмет ретінде олар өзін-өзі шектеу немесе, тіпті, өзін-өзі алып тастау процедурасын ұсынады. Ойыншы ақша қоюдан бас тартқысы келетін кезеңге қажетті кезеңді (алты айдан шексіз мерзімге дейін) белгілейді. Букмекерлік кеңсе белгіленген уақытта бұл ойыншыдан бәс тігулерін мүлде қабылдамауға кепілдік береді.

Екінші қадам: басқа хобби, ойын-сауық табыңыз. Көбінесе ойыншылар аурудан құтыла алмай қалады, өйткені оларда балама жоқ.

Үшінші қадам: достарыңызға, туыстарға жүгіну. Əрбір ойыншы жасай бермейтін өте қиын қадам. Ең алдымен, сізде проблема бар екенін мойындап, жақындарыңыздың көмек қолынан бас тартпау.

Суюмбаева Даяна Қанатқызы