Екібастұз қаласының әкімі «Алатау» театрына алғыс білдірді

Ринат Рифхатұлы Заитовтың басшылығындағы «Алатау» дәстүрлі өнер театры төл өнеріміздің орнын айшықтай түсу, қанатын кеңге жаю мақсатында 2022 жылдың 10-28 маусым аралығында «Әгугай мен Игигай» атты халық ертегілері мен дәстүрлі әндерден құралған балаларға арналған музыкалық қойылым (2022 – Балалар жылы аясында), «Алтыбақан» ойын-сауық ән кеші, айтыскер ақын Ринат Заитовтың «Мен сендерді жақсы көремін, адамдар» атты музыкалық кеші, сондай-ақ «Айман-Шолпан» музыкалық комедиясымен (премьера) Нұр-Сұлтан, Павлодар, Екібастұз, Семей, Курчатов, Абай және Аягөзге гастрөлдік сапарлармен баруды жоспарлаған болатын. Бұл сапардың Театр үшін тұңғыш рет екенін айта кеткен жөн. Театрдың көркемдік жетекшісі – Жұлдызбек Жұманбай.

«Алатау» дәстүрлі өнер театры Нұр-Сұлтан қаласынан кейін 17 маусым күні Екібастұз қаласында «Әгугай мен Игигай» атты халық ертегілері мен дәстүрлі әндерден құралған балаларға арналған музыкалық қойылым (2022 – Балалар жылы аясында) мен «Алтыбақан» ойын-сауық ән кешін сахналады.

Көрермендер дәстүрлі өнермен бір сусындап қалды.

Екібастұз қаласының әкімі Ардақ Амангелдіұлы Театр ұжымына алғысын білдірді.

Қуаныш Жұмабекұлы
«Алатау» дәстүрлі өнер театры Әдебиет бөлімінің меңгерушісі