Аймағамбетов оқу жылын аяқтау және емтихандарды өткізу туралы бұйрыққа қол қойды

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов еліміздің мектептерінде оқу жылын аяқтау және емтихандарды өткізу туралы бұйрыққа қол қойды, деп хабарлайды ozgeris.info тілшісі.

«Барлық қазақстандық орта білім беру мекемесі оқу жылын 25 мамырда аяқтайды. Жазғы мектеп 26 мамыр мен 17 маусым аралығында ұйымдастырылады.

9 және 11-сынып оқушылары үшін қорытынды емтихандары бекітілген кестеге сәйкес өткізіледі. Мектеп оқушыларының каникулы 1 қыркүйекке дейін жалғасады»,– деді ол.