Асхат Аймағамбетов мұғалімдерге ауызашар берді

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов елордалық мектептерде жұмыс істейтін мұғалімдерді ауызашарға шақырды, деп хабарлайды ozgeris.info тілшісі.

«Осы мүмкіндікті пайдаланып, әріптестерімізбен білім саласындағы мәселелер төңірегінде де әңгіме өрбіттік.

Ұстаздармен әңгімелесіп, жылы, ауызашар болғанына, білім саласындағы тақырыптар жайында әңгімелесіп, пікірлері мен ұсыныстарын тыңдағаныма өте қуаныштымын.

Уақыт бөліп келген әріптестеріме алғысымды білдіремін»,– деді министр.