Құмар ойындарға тиым салудың жолдары талқыланды

Құмар ойындарға тиым салудың жолдары талқыланды

Елімізде құмар ойынға салынған 173 000 жасөспірім бар, осыған байланысты депутаттар мен жауапты мекеме өкілдері жиналып 25 жасқа толмағандардың бәс тігулеріне тиым салатын заң жобасын талқылады.

Жиынға қатысушылар алимент, салық және несие қарызы барлардың құмар ойындар ойнауына заңмен шектеу қажет деп есептейді. Сондай-ақ онлайн казино ұйымдастырғандарды қылмыстық жазаға тартуды ұсынды.

«Жаңа заң жобасында, қарызы бар қазақстандықтарға ғана емес, материалдық жағдайы төмен азаматтарғада шектеу қойғымыз келеді. Мәселен, база да оның тұрмыстық жағдайы төмен екені көрініп тұрса ол ешқандай құмар ойындарға бәс тіге алмайды. Екінші банктердегі халықаралық транзакцияларды тексеріп отыру керек. Әзірге елдегі банктерде мұндай мүмкіндік жоқ. Ал жаңа заңда осы құмар ойындарына тікілген ақша қайда кетіп жатқанын бақылап отырылады. «-деді депутат.