Ғазиз Қошанов «ҚазТрансОйл» АҚ Басқармасының құрамына кірді

«ҚазТрансОйл» АҚ Басқармасының құрамы өзгертілді, деп хабарлайды ozgeris.info тілшісі.

«ҚазТрансОйл» АҚ Директорлар кеңесінің 2022 жылғы 14 сәуірдегі шешімімен «ҚазТрансОйл» АҚ Басқармасының мүшесі Арман Майкеновтың өкілеттіктері мерзімнен бұрын тоқтатылды. 2022 жылғы 15 сәуірден бастап «ҚазТрансОйл» АҚ Басқармасының мүшесі болып Ғазиз Қошанов тағайындалды»,– делінген хабарламада.