Балаларға зорлық көрсететіндер 6 жылға дейін сотталады

Кәмелетке толмағандарға жыныстық зорлық-зомбылық жасап, қылмысын жасырған адам 6 жылға дейін бас бостандығынан айрылады, деп хабарлайды ozgeris.info Almaty.tv-ге сілтеме жасап.

Бұл жөнінде ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің өкілі Жасұлан Жұманалин мәлімдеді. Айтуынша, кәмелетке толмағандардың құқығы бұзылса, дереу құқық қорғау органдарына хабарласу міндеті педагогтерге де жүктеледі.

«Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, балаларға қатысты жыныстық сипаттағы қылмыс үшін жауапкершілік күшейтілді. Зорлық-зомбылық әрекеті сияқты қылмыс түрлері ауыр қылмыс санатына ауыстырылды. Осылайша, тараптардың татуласу мүмкіндігі алынып тасталды. Педофилдер енді кешірім мен мерзімінен бұрын босату құқығынсыз жазасын өтейді», – деді ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитеті басқарма басшысының орынбасары Жасұлан Жұманалин.