Алдағы күндері бұршақ жауып, күн суытады

Қазгидромет 2022 жылдың 19-21 сәуіріне арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды ozgeris.info тілшісі.

«Алдағы үш тәулікте Қазақстан бойынша синоптикалық процестердің жылдам ауысуы болжануда. Осылайша ауа райының құбылмалы сипаты күтіледі: жауын-шашын (көбінесе жаңбыр түрінде), найзағай, желдің күшеюі болады. Елдің оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында және шығысында қатты жел соғып, қатты жаңбыр жауады, сондай-ақ бұршақ жауу ықтималдығы бар. Өткен түнде республиканың солтүстік-батысы мен солтүстігінде ауа температурасының айтарлықтай төмендеуіне себеп болған солтүстік-батыс антициклоны өзінің әсерін сақтап, шығыс бағытқа қарай жылжып жатыр. Елдің орталығы мен шығысында ауа температурасының біртіндеп төмендеуі күтіледі — түнде 3 аяз-5 жылу, күндіз 5-15 жылу, Қарағанды және Шығыс Қазақстан облыстарының оңтүстігінде 20 градусқа дейін жылу болады деп күтіліп отыр»,– делінген хабарламада.