Фотосессия жасамақ болған қыздар мұз астына құлап, бірі қаза тапты

Фотоға түспек болған екі бойжеткен қыз мұз астына құлап, бірі қаза тапты. Бұл жағдай Ертіс өзенінің бойындағы Восточный ауылында болды, деп хабарлайды Ozgeris.info порталы.

«Шығыс Қазақстан облысы төтенше жағдайлар департаментінің құтқарушылары келгенге дейін сол маңда кездейсоқ болған Әли Тораев көмекке жетіп, 1998 жылы туған қызын аман алып қалды, оған медициналық көмек қажет болмады. Ол 1999 жылы туған екінші туысына көмектеспек болғанда, үлгере алмай қалған, марқұмның денесін ғана алып шыққан», — деп мәлімдеді  Шығыс Қазақстан облысы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.

Ozgeris.info порталы