Бүгін — Бекзат Саттархановтың туған күні

Бүгін аты барша қазаққа әйгілі спортшы Бекзат Саттархановтың туған күні, деп хабарлайды Ozgeris.info порталы. 

Оңтүстік Қазақстан облысы Түркістан қаласында туған. 1998 жылы өткен әлем чемпионатының, 1999 жылғы Азия чемпионатының күміс жүлдегері.

2000 жылы Австралияның Сидней қаласында өткен ХХVII Олимпиада ойындарының чемпионы болды.

Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері.

2000 жылы 31 желтоқсанда жол апатынан көз жұмды. I дәрежелі «Барыс» орденімен марапатталған.

Ozgeris.info порталы