Маңғыстауда ауыл тұрғындары өз қаражатына асфальт төсеуде

Фото: видеодан алынған

Маңғыстаудың Мұнайлы ауданына қарасты Қызылтөбе және Дәулет ауылдарының тұрғындары шенеуніктер көмегінен үміт үзіп, жолды өздері жөндеуді ұйғарған, — деп хабарлайды “ozgeris.info” порталы  Lada.kz сайтына сілтеме жасап.

Мұнайлы ауданындағы Қызылтөбе мен Дәулет деген екі ауылды байланыстыратын жолдың бір бөлігі әлдеқашан жарамсыз болып қалған. Жыл басынан бері тұрғындар жергілікті әкімшілікке қайта-қайта жүгінгенімен, нәтиже жоқ.

Тұрғындар өз қаражатына жол жөндеу жұмыстарын жүргізуді бастаған. Олар 280 мың теңге ақша жинап, арнайы техника жалдап, 20 метрге жуық жолға асфальт төсеген.