Семейде тұрғын көрші үйдің қоршауы биік болғаны үшін сотқа арызданған

қоршау
Фото: ашық деректерден

Үй қоршауының биік болғанына шағымданған көрші Семей қаласының тұрғыны. Олардың жер учаскелері іргелес екен.

Сотқа арыз берушінің шағымдануынша, іс қозғалып, мәселе қаралды. Талқылау барысында үй қоршауының ұзындығы 14,6 метр, биіктігі – 3,5 метр екені анықталды.

«Дауды шеше отырып, сот Қазақстан Республикасының ережелер жинағының талаптарына сай, яғни 3.01-102-2012 2014 жылғы 19 желтоқсандағы» жеке тұрғын үй құрылысы аудандарын жоспарлау және салу» сәйкес үй қоршауының биіктігі 1,7 метрге дейін ғана қойылу керек», – деп хабарлады сотта.

Сот шешімімен талап қанағаттандырылды. Акт заңды күшіне енді.