«Қант мәселесі секілді ушығып кетпей ме?»: Сарапшы елдегі ұн нарығын ресейлік тауарлар жаулап алғанын айтты

ұн
Фото: ашық дереккөзден

Отандық ұн тартушылардың жағдайы мәз емес. Бұл туралы белгілі аналитик әрі журналист Кирил Павлов әлеуметтік желідегі парақшасында айтты, деп хабарлайды Ozgeris.info.

Оның айтуынша, елдегі ұн нарығын ресейлік тауарлар басып кеткен, ал отандық тауарлар бәсекеге қабілетті емес.

«Біздің ұн тартушылар бұған дейін арзан ресейлік шикізатқа қол жеткізу үшін сұр схемаларды қолдануға мәжбүр болған. Енді, менің дереккөздерім айтқандай, көпшілігі 4-5 сыныпты бидайды өңдеп, жем ұны ретінде сатуға мәжбүр. Бақытымызға орай, экспортқа сұраныс жақсы. Бірақ осы жерде бір сұрақ туындайды: ертең бұл да қантқа қатысты жағдай секілді ушығып кетпей ме?», – деді Кирил Павлов.