Соғысты тоқтататын уақыт келген жоқ — Путин

Фото: РИА Ноаости/ Михаил Климентьев

«Ресей әскері артқа шегінген жоқ, қайта топтасуға тырысып жатыр» деп мәлімдеді НАТО басшысы Йенс Столтенберг Брюссельде. Бұл туралы Spiegel журналы жазды, деп хабарлады “ozgeris.info”.

НАТО-ның барлау деректеріне сүйенген Столтенберг Ресей әскері Украинадан шығып жатқан жоқ, орындарын ауыстырып жатыр деп мәлімдеді.

Мәскеу оларды қайта топтастырып, Донбастағы шабуылға дейін қару-жарақтармен қамтамасыз етіп, нығайтпақшы. Сейсенбі күні Ресей Киев маңы мен Украина солтүстігіндегі Черниговта әскери қимылын бәсеңдететінін мәлімдеген. Алайда бір мезетте әуе соққыларын күшейтіп, елдің оңтүстігіндегі Мариупольға қысымын үдетті.

Украина қорғаныс министрлігі бейсенбі күнгі мәлімдемесінде, қазір Ресей күштері Донецк пен Луганск облысына толық бақылау орнатуға күш салып жатыр деді.

La Repubblica газетінің хабарлауынша, бейсенбі күні Италия Премьер-министрі Марио Драги Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлескен, Ресей басшысы «соғысты тоқтататын уақыт келген жоқ» деп айтқан.

ozgeris.info” порталы