Ақтөбелік ару АҚШ-та жүк көлігін жүргізіп жүр

Ақтөбелік Ассоль есімді ару бір жылдан бері АҚШ-та жүк көлігінің жүргізушісі болып жұмыс істейді. Шетелде үлкен қалаларды қорықпай аралап жүрген қыз болашақта жеке компаниясын ашпақшы, деп хабарлайды «ozgeris.info».

«ZTB news.kz» сайтының мәліметінше, Ассоль үлкен жүк көліктерімен байтақ елді аралап жүр. Оның айтуынша,  Америкада жүк көлігінің жүргізушісі болып жұмыс істеу үлкен сұранысқа ие.

«Бұл аймақта сіз жақсы ақша таба аласыз, сонымен қатар бүкіл Американы аралап, көруге мүмкіндік бар. Сондай-ақ жолда жаңа таныстар пайда болады, көкжиектер кеңейеді», — дейді қыз сұхбатында.

Бірақ мұндай жұмыстың кемшіліктері де бар екен.  Ассольдің айтуынша, жолда көп жүргендіктен білім алуға және өзін-өзі дамытуға уақыт тапшы. Оның үстіне жолда әрқашан сақ болу керек.

«Жолда қауіп бар, үлкен қалаларға кіргенде қорқынышты, әсіресе, түнде қорқынышты. Жол бойында өте қиын жолдар мен жол айрықтары болуы мүмкін. Кейде сіз келген қоймада жұмысшылар жоқ болып қалады », — дейді Ассоль.

Болашақта жүк тасушы АҚШ-тағы төрт жылдан бері тұрып жатқан ауданында өзінің жеке компаниясын ашқысы келеді.

Қазір ол жолда жүріп-ақ желіде өз парақшасын жүргізіп, қызықты сәттерін оқырмандарымен бөлісіп отырады.  Ауыр жұмыс істеп, арманына жетуге ұмтылып жүрген қазақ қызы қандай мақтауға болса да лайықты.

 

«ozgeris.info»