Ұшақта боқауыз сөз айтқан мас жолаушы қамауға алынды

Фото: tengritravel.kz

Ұшақ бортында мас күйінде әдепсіз сөздер айтқан адам жазаланды, деп хабарлайды ozgeris.info

Астана қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының қаулысына сәйкес, айыпталушы — әзілкеш Тұрсынбек Қабатов.

Астана қалалық Әкімшілік құқық бұзушылық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты ұсақ бұзақылық жасағаны үшін айыпталған адамға қатысты істі қарады (ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігі).

Іс материалдарына сәйкес, Тұрсынбек Қабатов ұшақ бортында мас күйінде әдепсіз сөздер айтқан.

Сотта Қабатов стюардессалардың нашар қызметіне көңілі толмайтынын айтып, оларға өз ескертуін білдіргені анықталды. Ол өзінің әдепсіз сөз айтқаны немесе айтпағаны есінде жоқтығын алға тартқан, бірақ қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін кешірім сұраған.