Астанада салынып бітпей жатқан LRT өртенді

ЛРТ
Фото: Видеодан кадр

Астананың жаңа теміржол вокзалы маңында LRT құрылысынан өрт шықты, деп хабарлайды Ozgeris.Info.

«Бүгін Алматы ауданында «Нұрлы Жол» темір жол вокзалының маңында салынып жатқан ЖРК бағаналарының аралықтары арасындағы қалыптардың жануы орын алды. ТЖМ күштері 30 шаршы метрге жайылған өртті сөндірді», — деп хабарлады қалалық ТЖ департаменті.

Ұйымның хабарлауынша, оқиғадан ешкім зардап шеккен жоқ. Өрт себебі анықталып жатыр.

Төтенше жағдай кезінде 112 нөмірі бойынша хабарлау керек.