Ақтауда Каспий теңізінде 2 ер адам жоғалып кеткен

Маңғыстау облысында теңізде жоғалып кеткен екі ер адам 8 сағаттан кейін табылды.

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, бір күн бұрын 1998 және 1996 жылы туған екі жергілікті тұрғын sup-board-пен жүзуге кеткен.

Ағыс жастарды алып кетіп, іздеу шамамен 8 сағатқа созылды. Жұмысқа құтқарушылардан бөлек әскери теңізшілер де жұмылдырылды, олар таңертең теңіз жағалауынан 5 шақырым жерде жоғалып кеткендерді Көк шығанақ аймағында тапты», — делінген баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Ерлердің жағдайы тұрақты. Олар кемемен Ақтау портына жеткізіліп, медициналық көмек көрсетілді.