Шығу тегін түсіндіре алмады: Қазақстандықтан 11 миллион доллар тәркіленеді

Сот шешімімен қазақстандықтың 11 миллион доллары мемлекет пайдасына тәркіленеді, себебі ол бұл соманың шығуын түсіндіре алмаған. Бұл туралы ҚР Бас прокуратурасының активтерді қайтару комитетінің төрағасы Нұрдәулет Сүйіндіков Президенттік хабар тарату компаниясы түсірген «Қайтаруға жатады» деректі фильмінде айтты, — деп хабарлайды ozgeris.info

Комитет басшысы бүгінде әлемде активтерді қайтарудың бірнеше моделі бар екенін және соңғы, жаңасы түсініксіз байлық деп аталатын талаптарды беру екенін атап өтті.

«Мемлекетте қандай да бір мүліктің заңды меншігінде екендігіне негізді күмән туындаған кезде және субъект оны заңды түрде иеленгенін дәлелдеуге тиіс болса, бұл мүлікке сот шешімімен түсініксіз байлық мәртебесі беріледі. 

Бізде Қазақстанда заңды күшіне енген сот шешімімен мұндай бірінші талап бар. Оған сәйкес, жақын арада мемлекет кірісіне шамамен 11 миллион доллар түседі», — деді Нұрдәулет Сүйіндіков.