Қостанайда 14 жасөспірім бала суға батып кеткен

Қостанай облысында бір күнде екі адам суға батып кетті. Бұл туралы Қостанай облысы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Алғашқы оқиға Арқалық қаласы, Қайыңды ауылдық округі, Лекер ауданында болды. 2003 жылы туған жас жігіт Торғай өзенінің жабдықталмаған аймағында суға түсіп жүрген.

Құтқарушылар марқұмның денесін алып шықты.

Екінші оқиға Қостанайдағы Амангелді тұрғын алабында болды. Тобыл өзенінің маңынан балалардың заттары, ұялы телефон және кәмелетке толмағандардың велосипеді табылды.

Құтқарушылар өзеннен тіршілік белгісі жоқ 2010 жылы туған жасөспірімнің денесін алып шықты.

Өкінішке орай Төтенше Жағдай Департаментінің қызметкерлері екі адамдыда құтқара алмады.