Ақтауда бірнеше полицейдің ұсталған адамды сабап жатқан видеосы тарады

Ақтауда бірнеше полиция қызметкерінің ер адамды ұрып-соғып жатқан видеосы тарады, деп хабарлайды Ozgeris.info тілшісі Ulysmedia.kz-ке сілтеме жасап.

Желіге тараған видеода бірнеше полицейдің бір жігітті сабап жатқанын көруге болады. Тәртіп сақтауға жауапты қызметкерлер ұсталған адамға құқыққа қайшы әрекет жасап, жұдырығымен ұрып, аяғымен теуіп жатқаны көрінеді.

Бейнежазба 112 Ақтау инстаграм парақшасында жарияланған.