Нұрлан Мәсімов ісі: сотталушыдан тәркіленген көліктер кімге беріледі?

Нұрлан Мәсімовтің ісі бойынша тәркіленген мүлік қай мемлекеттік органдарға беретіні белгілі болды, — деп хабарлайды ozgeris.info

Нұрлан Мәсімовтің ісі бойынша сотталған мердігер Евгений Евковичтен тәркіленген көліктер Бас прокуратура мен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Павлодар облысы бойынша басқармасына тапсырылды. Екі көлік те мемлекеттік мекемелерге тегін берілді. Бұл туралы Павлодар мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментінің Tengrinews.kz тілшісінің ресми сауалына берген жауабында айтылды.

«Kia Sorento маркалы автокөлік ҚР Бас прокуратурасының материалдық-техникалық қамтамасыз ету департаментінің балансына, Toyota RAV4 автокөлігі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметінің Павлодар облысы бойынша департаментінің пайдалануына берілді», — деді аумақтық департамент басшысы Еркін Смағұлов.

Бұл көліктердің сатылғаны туралы ақпарат биыл көктемде мемлекеттік аукцион сайтында пайда болды. Ресми мәлімет бойынша, қара түсті 2021 Kia Sorento кроссовері 18,5 миллион теңгеге, ал 2021 жылы зауыт конвейерінен шыққан Toyota RAV4 16,7 миллион теңгеге бағаланды.