Алматыда Германияда қаза тапқан қазақстандық экс-судьяны жерлеу рәсімі өтті

Айгүл Сайлыбаева
Фото: ашық деректерден

Алматыда Германияда өлтірілген қазақстандық экс-судья Айгүл Сайлыбаеваны жерлеу рәсімі өтті, деп хабарлайды ozgeris.info

«Бүгін, 29 маусымда Алматыда екі апта бұрын мәйіті Германияда табылған Айгүл Сайлыбаеваны жерлеу рәсімі өтті», — деп жазады агенттік.

Еске сала кетейік, Айгүл Сайлыбаева 3 маусымда отбасымен байланысын тоқтатқан болатын. Соңғы бес жыл бойы ол күйеуі және баласымен Германияда тұрады. Бұған алаңдаған туыстары Германияның Майндағы Франкфурт қаласындағы Бас консулдығынан көмек сұраған. Жоғалған әйелдің туыстары оны тұрмыстық зорлық-зомбылықтың құрбаны болуы мүмкін деп күдіктенген. Сайлыбаеваны анасы мен ағасы іздеуге шетелге кеткен.