Қостанайда бала терезеден құлап кетті

Қостанайда үш жасар бала екінші қабаттың терезесінен құлап кетті, деп хабарлайды Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі.

Қайғылы оқиға бүгін түсте жеке үйдің аумағында болған.

Сәби түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді.

Төтенше жағдайлар министрлігі кіттәй балаларды ересектердің қарауынсыз қалдырмауды ескертті:

  • кішкентай балаларды қараусыз қалдырмаңыз;
  • Ешқашан москит торларына сенбеңіз. Олар құлаудан қорғауды қамтамасыз етуге арналмаған;
  • Балаларға ересектердің еріп жүруінсіз балконға шығуға рұқсат бермеңіз.