Нұрлан Қоянбаев Түркістан облысы әкімімен қанша жалақыға келіскені айтылды

1 шілдеде белгілі әзілкеш Нұрлан Қоянбаев Түркістан облысы әкімінің штаттан тыс кеңесшісі қызметіне тағайындалды. Желіде бұған қатысты әр түрлі пікірлер айтылуда. Осы ретте Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды пікір білдірді, деп хабарлайды ozgeris.info

«Штаттан тыс кеңесші. Ешқандай айлық төленбейді. Қайта біз оның тәжірибесін пайдаланбақшымыз. Қоянбаев туристерді тарту, креативті индустрияны дамытуға қатысты кеңестерін береді.  Тәжірибесі бар жігіт. Тегін істеу келісті. Түркістан облысына пайдасы тиетін кез келген адаммен жұмыс істеймін», — дейді Дархан Сатыбалды.

Бұған дейін Қоянбаев президент телерадиокешенінің шығармашылық директоры, «Қазақстан» ұлттық телеарнасының бас продюсері қызметтерін атқарған. 2021 жылы президент жарлығымен «Шапағат» медалімен марапатталды.