Атырау облысы Талдыкөл ауылынан халықты толық көшіру жүріп жатыр

Су басу қаупінің күшеюіне байланысты тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін Махамбет ауданының эвакуациялық комиссиясы осындай шешім қабылдады, деп хабарлады Атырау облысы ТЖ жөніндегі жедел штаб.

Тұрғындар Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің жатақханасы базасындағы эвакопунктке орналастырылады немесе туыстарының үйіне орналасады.

Талдыкөл ауылында 1,2 мыңға жуық тұрғын тұрады.