ҚазССР-нің бұрынғы денсаулық сақтау министрі Төрегелді Шарманов қайтыс болды

Төрегелді Шарманов 25 мамырда қайтыс болды, деп хабарлады Асфендияров атындағы ҚазҰМУ өкілдері.

«Алматы декларациясының әкесі, әлемдік денсаулық сақтау саласының аңызы, қазақстандық медицинаның мақтанышы академик Төрегелді Шарманов қайтыс болды», — делінген хабарламада.

Төрегелді Шарманов әлеуметтік-гуманитарлық саладағы үздік жетістіктері мен денсаулық сақтау саласына қосқан зор үлесі үшін Еңбек Ері атағын иеленген. 12 жыл бойы республиканың денсаулық сақтау министрлігін басқарып, алғашқы медициналық-санитарлық көмектің теңдессіз жүйесін құрды.

2005 жылы академик Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ең жоғары ерекшелік дәрежесі — Леон Бернар сыйлығына ие болды, оның иегерлері әлемде 29 адам ғана болды.