Асламбек Мерғалиев Маңғыстау облыстық сотының төрағасы болды

Ақтауда еліміздің Жоғарғы Сотының төрағасы Асламбек Мерғалиев Президенттің 19 сәуірдегі Жарлығымен Маңғыстау облыстық сотының төрағасы лауазымына тағайындалған Ербол Мұқажанұлы Рахымбековты таныстырды.

Жаңа сот төрағасын таныстыруға ұжымға Жоғарғы Соттың төрағасы А.Мерғалиев пен Маңғыстау облысының әкімі Н.Ноғаев, мемлекеттік орган және құқық қорғау органдарының басшылары, облыстық, аудандық және оған теңестірілген соттардың судьялары, ардагер судьялар, сот қызметкерлері қатысты.

Жоғары Сот төрағасы Маңғыстау облыстық сотының төрағасы болып тағайындалған Е.Рахымбековтің еңбек жолына тоқталып, оның кәсібилігі туралы пікір білдірді. Сондай-ақ, жаңа төрағаның сот төрелігін жүзеге асырудағы мол тәжірибесі мен жемісті еңбегін атап өтті.

Ербол Рахымбеков 1964 жылы Қарағанды облысында дүниеге келген.

1989 жылы Қарағанды мемлекеттік университетін «құқықтану» мамандығы бойынша бітірді.

1989-1990 жылдары – Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданының нотариаттық конторасының нотариусы;

1990-1991 жылдары – Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданының халық кеңесінің депутаттары президиумының заңгері;

1991-1994 жылдары – Солтүстік Қазақстан облысы Булаев аудандық сотының судьясы;

1994-1996 жылдары – Қарағанды облысының Нұра аудандық сотының судьясы;

1996-2000 жылдары – Қарағанды облысының Нұра аудандық сотының төрағасы;

2000-2001 жылдары – Қарағанды қаласы Октябрь аудандық сотының Киров сот учаскесінің аға судьясы;

2001-2001 жылдары – Қарағанды қаласының №3 Октябрь аудандық сотының судьясы;

2001-2002 жылдары – Қарағанды қаласының №3 Октябрь аудандық сотының төрағасы;

2002-2008 жылдары – Қарағанды облысы Теміртау қалалық сотының төрағасы;

2008-2010 жылдары – Қарағанды қаласының Қазыбек би аудандық сотының төрағасы;

2010-2012 жылдары – Солтүстік Қазақстан облыстық сотының апелляциялық сот алқасының төрағасы;

2012-2014 жылдары – Солтүстік Қазақстан облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі апелляциялық сот алқасының төрағасы;

2014-2016 жылдары – Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық қылмыстық сотының төрағасы;

2016-2018 жылдары – Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотының судьясы;

2018 жылдан бүгінге дейін Шымкент қалалық сотының төрағасы қызметін атқарды.

Фото: kazpravda.kz