Су тасқынынан зардап шеккен 16 мыңнан астам отбасы 369 200 теңге мөлшерінде біржолғы төлем алды

Су тасқынынан зардап шеккен 16 мыңнан астам отбасы 369 200 теңге мөлшерінде біржолғы төлем алды

Ақмола, Қостанай, Қарағанды және Павлодар облыстарында 53 отбасыға жаңа баспана берілді. Жалпы өңірлік комиссияларға зардап шеккендерден 24 835 өтініш түскен.

Мал шығыны үшін берілген өтемақының жалпы сомасы 916 млн теңгеге жетті.

Залалды өтеу жұмыстары жалғасуда. Президент тапсырмасы бойынша барлық зардап шеккен азаматтарға жан-жақты көмек пен қолдау көрсетіледі.