Су тасқынына байланысты Петропавлға кіру жолы жабылды

Петропавлда су тасқыны жағдайы күрделене түсуде — жексенбі күні, 14 сәуірде мұнда қалаға кіру және шығу жолдары жабылды, деп хабарлайды Kazinform агенттігі.

Қалалық полиция басқармасының бастығы Марат Жұмалиевтің айтуынша, Петропавл қаласының маңында — Подгор ауданында көпір су астында қалып, төменгі бөлігі толған. Заречный және Кожевенный кентіне жол жоқ.

Басылымның мәліметінше, қазір «Южный» бақылау-өткізу пункті арқылы қалаға кіру тек жүк автомобильдеріне ғана ашық. Полицейлер тек азық-түлік тауарлары, ЖЖМ және гуманитарлық көмек бар көліктерді ғана өткізеді.

Фото: pkzsk info