«Бізде концлагерь бар ма?»: Депутат саусақ іздерін беруден бас тартқандарға айыппұл салу бастамасын сынады

Мәжіліс депутаты Асхат Рахымжанов құжат рәсімдеу кезінде азаматтардан саусақ іздерін алуға қатысты пікір білдірді. 

Мәжіліс кулуарында ол “азаматтардан саусақ іздерін тіркейтіндей, бізде концлагерь бар ма?”- деп сауал жолдады.

Депутаттың пікрінше, саусақ іздерін алу рәсімі халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмысын қиындата түседі. Ондағы кезектердің  пайда болуына әкелетінін айтты.

Сонымен қатар Рахымжанов «процедураға қатысудан бас тартқаны үшін айыппұл  қаншалықты дұрыс?» деген сұраққа қатысты өз пікірін білдірді.

«Менің ойымша, мүлдем дұрыс емес және мүмкін емес», — деді Асхат Рахымжанов.

Депутат бұл мәселе  алдағы уақытта мәжілісте қаралатынын айтты.