Атыраудың Исатай ауданында оқушылар сабақты қашықтан оқиды

Атырау облысының Исатай ауданында оқушылар сабақты онлайн оқуға жіберілді.

Исатай аудандық білім бөлімінің басшысы Гүлайна Құрманғалиеваның айтуынша, төтенше жағдайға байланысты оқушылар онлайн режимде білім алады.

«Өңірдегі табиғи сипаттағы төтенше жағдайға орай оқу процесі онлайн форматқа көшірілді. Оқушыларды онлайн оқытуға Daryn.online, Amansultan платформалары қолданылады. Осыған байланысты ағымдағы бақылаулар мен сынақтар өткізу тоқтатылды», — дейді Гүлайна Құрманғалиева.

Оның дерегіне сүйенсек, бұл аудандағы 16 мектепте 5229 оқушы білім алады. Оқушыларға 802 педогог дәріс береді.