Қазақстан мен Түркия аралас жүк тасымалын дамыту жөніндегі бірлескен комитет құрады

Көлік вице-министрі Сатжан Аблалиев Парламент Сенатында Қазақстан Республикасы мен Түркия Республикасының үкіметтері арасындағы жүктерді халықаралық құрама тасымалдау туралы келісімді ратификациялау туралы Заң жобасын ұсынды.

Көлік министрінің орынбасарының айтуынша, құжат Каспий теңізінде тұрақты темір жол-паромдық операцияларды, мемлекеттерді қосатын темір жол желілерінде, атап айтқанда халықаралық контейнерлік блок-поездар үшін тиісті байланыстар мен транзиттік қызметтер көрсетуді көздейді, сондай-ақ кедендік ресімдеу ережелерін ескере отырып, екі ел арасында жүктерді тасымалдау шарттарын айқындайды.

«Қазіргі уақытта біз аралас Транскаспий халықаралық көлік бағыты арқылы Қытайдан Еуропаға жүктерді жеткізу мерзімдерін қысқарту бойынша жұмыс жүргізіп жатырмыз. Оған теміржол, автомобиль және су көлігі қатысады. Қазірдің өзінде маршрут бойынша жүктерді өткізу және тауарларды жеткізу мерзімі 19-23 күнге дейін қысқартылды, оның ішінде 6 күн — Қазақстан аумағы бойынша. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 2 есе жылдам. Бұл келісім ТМТМ дамуына әсер етеді», — деді С.Аблалиев.