ІІМ су тасқыны кезіндегі жоғалып кеткен 7 адамның ісін қозғады

ІІМ су тасқыны кезіндегі жоғалып кеткен 7 адамның ісін қозғады

Су тасқыны кезінде адамдардың жоғалып кету фактісі бойынша Қазақстан ІІМ жеті қылмыстық іс қозғады.

Ішкі істер министрінің орынбасары Марат Қожаевтың айтуынша, әртүрлі өңірлерде жоғалып кеткен кейбір адамдарды іздеу әлі де жалғасуда.

«Өкінішке орай, мұндай жағдайлар орын алды. Барлық осы фактілер бойынша қылмыстық істер қозғалды, тергеу қажетті іс жүргізу іс-шараларын жүргізеді, оның нәтижелері бойынша мұның қалай болғандығы, себептері және осы оқиғаларға біреудің кінәсі бар — жоғы анық болады», — деді Қожаев.