Ақтөбеде қаражат заңсыз жұмсалғаны анытқталды

Ақтөбеде жол таңбаларын салуға бөлінген қаражатты заңсыз жұмсау анықталды

Іс одан әрі тергеу үшін Ақтөбе облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметіне берілді. Ақтөбеде жол таңбаларын салуға бөлінген қаражаттың заңсыз жұмсалғаны анықталды, деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.

Осы мақсатта «Жол қозғалысы қауіпсіздігі және цифрлық технологиялар орталығы» КММ мен мердігер арасында 213,3 млн теңге сомасына келісімшарт жасалды.

«Шарт талаптарына сәйкес кепілдік мерзімі (үш ай) ішінде серіктестік бұзылған таңбаларды өз есебінен қалпына келтіруге міндетті. Алайда, орталықтың кепілді мерзім ішінде бұзылған таңбаларды қалпына келтіру үшін 45,5 млн теңге сомасындағы бюджеттік қаражатты серіктестікке заңсыз аударғаны анықталды «, — делінген хабарламада.

ҚР ҚК-нің 361-бабы («Лауазымдық өкілеттіктерін теріс пайдалану») бойынша тіркелген іс одан әрі тергеу үшін Ақтөбе облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметіне берілді, деп толықтырды прокуратурада.