«Жан дүниесі қазақ»: Желіде қазақша ән шырқаған орыс жігіті жұртшылықты тәнті етті

Tik Tok желісінде тойда Александр есімді орыс жігіттің қазақ тілінде шырқаған әні жұртшылықты тәнтті етті.

Александр той жүргізушісіне өзінің адай екенін айтып таныстырады. Кейін қазақ тілінде ән айтып, жұртшылықты таңғалдырады.

«Тіл білу – байлық екеніне тағы бір мәрте көз жеткіздім», «Мен Қазақстанда тұратын барлық ұлттарды жақсы көремін. Бейбітшілік пен мәңгілік достық болсын»,» Шын жүректен шырқап тұр. Жан дүниесі қазақ», – деді желі қолданушылары.