Бишімбаев ісі: Алқа бидің біреуі ауысты

Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында экс-министр Қуандық Бишімбаевқа қатысты сот отырысы жалғасып жатыр. Бүгінгі сот процесі басталмай тұрып, алқа билердің бір мүшесі ауысты.

Судья Айжан Құлбаева алқа билердің бір мүшесі денсаулығына байланысты сот отырысына қатыса алмайтынын мәлімдеді.

Мұндай жағдайда заң бойынша оның орнын қосалқы алқа би мүшесі алмастыруға тиіс.

Бұл ретте қосалқы алқа би мүшесі өз орнына жайғасып, сот процесі жалғасын тапты.

Бишімбаевтың адвокаттары сот отырысына қатыса алмаған алқа би мүшесінің денсаулығында кінәрат бар екенін дәлелдейтін құжаттарды сұрады.

Сот хатшысы тиісті қағаздарды көрсетті.

Фото: Астана қаласының соты