Қазақстан ҚХР Арнайы Әкімшілік Ауданы Макао мен визасыз режимге қол қойды

Қазақстан ҚХР Арнайы Әкімшілік Ауданы Макао мен визасыз режимге қол қойды

Құжатқа Қытайдағы елші Шахрат Нұрышев пен САР Макао әкімшілігі мен Әділет хатшысы Чонг Вэн Чон қол қойды.

Қазақстандықтар Макаоға визасыз 14 күнге дейінгі мерзімге бара алады.

Құжат мемлекетішілік рәсімдер аяқталғаннан кейін күшіне енеді.

Айта кетсек, Макао фестиваль қаласы және курорттық қала, мұражай қаласы, гурмандар үшін гастрономиялық жұмақ және сауда әуесқойлары үшін керемет қала болып саналады. Қытайдың арнайы әкімшілік аймағы Макао, 400 жылдан астам уақыт бойы Португалияның колониясы болған.