Әблязовтың сыбайласы Алексей Богданов Қазақстанға өз еркімен оралды

«М.Әбілязовтың тағы бір сыбайласы, 2009 жылдан бері іздеуде жүрген Алексей Владимирович Богданов қылмыстық іс бойынша Қазақстанға өз еркімен қайтарылды», — делінген хабарламада.

15 мамырда Интерполдың, Ішкі істер министрлігінің көмегімен Богданов Брюссель қаласынан Алматыға келді.

Алексей Богданов Metropolitan Manageres Corp (BVI) оффшорлық компаниясының номиналды өкілі, «Беловодск крахмал зауыты» ЖАҚ басқарма төрағасы және 300 миллион теңгеден астам банк қаражатын ұрлау кезінде пайдаланылған «Маис Агро» ЖШС маманы ретінде әрекет еткен.

«Жақын туыстарымен және күдіктінің адвокатымен жүргізілген түсіндіру жұмыстарының нәтижелері бойынша Богданов Қазақстанға оралып, тергеуге көмектесуге ниет білдірді, ол үшін жазбаша арыз жолдады», — делінген Антикоррекцияда.

Фотосурет kaztag.kz сайтындан алынды.