Орынборда Жайық өзені өсуде

Жайық Орынборда 965см-ге жетті, судың деңгейі түнде 23 см-ге, тәулік ішінде өсім 70 см-ге жуық өсті.

9 сәуір күні таңда су деңгейі 897см болды, 10 сәуір сағат 00:00де  942см болған екен. Гидрологтардың айтуынша су деңгейі бір тәулікте тағы 30-70см-ге  өседі. Орынборда түн ішінде 300-ден астам үй су астында қалды.