Таеквондодан Азия чемпионатында ел намысын кімдер қорғайды

Таеквондодан 16-18 мамыр аралығында Вьетнамда Азия чемпионаты өтеді. Онда қазқстандық спортшылар да бақ сынамақ.

Атап айтсақ, аталған сары құрлық додасына әйелдерден алты, ерлерден алты, жалпы 12 таеквондошы ел намысын қорғайды.

Олар:

Әйелдер:

Рита Бакишева — 46 келі;

Ботагөз Қапанова — 49 келі;

Айдана Сүндетбай — 53 келі;

Мария Севостьянова — 57 келі;

Жазира Исина — 62 келі;

Нұрай Хусаинова — 67 келі

Ерлер:

Бектөре Оралханов — 54 келі;

Тамерлан Тілеулес — 58 келі;

Нұрбек Ғазиз — 63 келі;

Бексұлтан Мұсахан — 68 келі;

Нұрқанат Қожахмет — 80 келі;

Бейбарыс Қабылан — 87 келі.

Фото: Таеквондо федерациясы