“Оқушылардың психологиялық жағдайына мектеп директорлары жауапты болмауы тиіс.”-Сарапшы

«Мұғалімдерді шенеуніктер кез келген жағымсыз көріністер үшін айыптайды. Соның кесірінен Қазақстан ешқашан қалыпты білім беру жүйесін құра алмайды. Шындықты адекватты қабылдау жетіспей, барлығы ресми есептермен жұмыс істейді.

Соның салдарының бірі, павлодарлық мектепте пышақталған оқиға. №14 мектептің өзі қарапайым мектептің бейнесі, онда тек қала балалары ғана емес, сонымен қатар Павлодардың іргелес ауылдарының балалары да оқиды. Мектептің ата-аналар қауымы өкілдерінің мәліметінше, қылмыскер – бұл мектепке былтыр ғана келген толық емес отбасының он бес жасар тоғызыншы сынып оқушысы. Ең қиын жас – бұл жасөспірімдік шақ, ол кез келген нәрсені өткір ғана емес, өте өткір түрде қабылдап, бастан өткереді.

Сонымен психологиялық тұрғыда тұрақсыз 9 сынып оқушысы, қасындағы дос баласына іштей кек сақтағаны үшін, бір анда пышағын суырып өлтіріп тастады. Айта кетсек 9 сынып оқушысы участкелік есепте тіркелмеген. Күнделікті сабағына келіп, сабаққа атсалысып жүрген бала.

Ал енді ойланып қараңызшы елімізде дәл осындай мыңдаған балалар бар. Әр оқушымен жеке отырып психологиялық әңгіме өткізіп, дұрыс жолға бұрмалау үшін жүздеген сағат қажет болады. Енді ол үшін неліктен мектеп директорлары жауапты болуы керек? Неліктен өз адал жұмысын атқарған, күнделікті бір тиын табу үшін жұмысын атқарған мектеп директоры жауапқа алынып, лауазымынан түсіріледі?»,- деп өз ойымен Ғазиз Әбішев, өз telegram арнасында бөлісті.