Астананың түбіндегі Талапкер ауылында каналды су шайып кетті

Целиноград және Шортанды аудандарының аумағындағы егістіктен еріген қар суының үлкен көлемде ағып келуі салдарынан Талапкер елді мекеніндегі су бұру каналының учаскесін су шайып кетті.

«Қазіргі кезде ТЖМ күш-құралдары су бұру каналының бұзылған тұсын құм салынған қаптармен нығайтып жатыр. Ауыл тұрғындарынан тыныштықты сақтауды және құтқарушылардың нұсқауын орындауды сұраймыз», — делінген ҚР ТЖМ мәліметінде.