МЕДБИКЕ: ПАЦИЕНТТІН ӨЗІ ЖАТЫП АЛДЫ

Алматы облысы, Іле ауданының орталық ауруханасында ауруға дұрыс ем көрсетілмегені туралы egovpress парақшасында бейне шықты. Бұл бейнеде медбике ауру адамның қысымы төмен болып, оны қалпына келтіргенін айтты. «Онда неге тұра алмай жатыр?» деген сұраққа «Өзі осында жатып алды» деп жауап берді.

Желі пайдаланушылар МӘМС жүйесін сынға алды. Олардың айтуынша, азаматтардан жиналған ақша пациенттерді емдеуге келгенде жетпейді.

Сілтеме: https://t.me/egovpress/6386