Жаңа Адамдар: Қазақстандықтардың 70% елтаңбаның бейнесін білмейді.

«24.kz» телеарнасының «Дневная Смена» бағдарламасында«Жаңа адамдар» жастар қозғалысының мүшесі Мәди Өмірзақов қазақстандықтар арасында сауалнама жүргізді. Жас сарапшының айтуынша адамдар ҚР Гербін танымады және өздерінің нұсқаларын ұсынғанын жеткізді.

«Шындығында Елтаңба жай ғана нышан емес, ол жаңа ұрпақты тәрбиелеудің басты идеясы. Қазақстандықтар 2022 жылғы 5 маусымдағы референдумда өздеріне дамудың жаңа векторын Жаңа Қазақстанды құруға келіскен кезде белгіледі.Ел алдына жаңа өршіл жоспарлар қойды және бұл жоспарлар қазіргінің бәрін болашақ ұрпаққа жеткізетін жаңа символды қажет етеді», — деді Мәди Өмірзақов.

Хабар телеарнасында Алмат Қуаныш мемлекеттік рәміздердің халыққа түсінікті болу керектігін түсіндірді.

«Біздің белсенділеріміз Алматы және Астана қалаларында сауалнама өткізді, ол сауалнамаға 500-ден астам әртүрлі жастағы адам қатысты. Бізге нақты болғаны, қатысқан адамдардың 70% елтаңбаның бейнесін білмейді»,- деді Алмат Қуаныш.