ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМШІЛІГІ ЖАРНАМАҒА 23 МЛН ТЕҢГЕ ҚҰРТПАҚШЫ

«Жамбыл облысы әкімдігінің мемлекеттік сатып алу басқармасы» ақпаратты тарату қызметін көрсетуге ашық конкурсты жариялады.

2024 жылдың соңына дейін жарнама-ақпараттық басылымдарды орналастыру бойынша тендерге өтініштерді қабылдау басталды. «Шерхан Мұртаза атындағы басылым үйі» КММ тұынушы ретінде көрсетілген. Тендер бағасы 23 млн теңге.

Қызмет көрсетушінің міндетіне облыстағы мемлекеттік бағдарламалардың орындалуы жайлы ақпаратты дайындап тарату болып табылад. Мердігердің тағы бір қызметі ол — Жамбыл облысындағы мәселелер мен туристтік потенциал туралы ақпаратты Telegram, Instagram және Facebook арқылы хабарлау.