Электромобильдердің әлемдік бағасы төмендеуі мүмкін

Әлемдегі электромобильдерге арналған аккумуляторларды шығаратын ең ірі қытайлық CATL компаниясы биыл аккумуляторларының құнын 50%-ға дейін төмендететінін мәлімдеді, деп хабарлайды The Asia Times

CATL және нарықтың тағы бір көшбасшысы BYD енді Конго Демократиялық Республикасындағы балалар еңбегі және қауіпті тау-кен өндірісімен байланысты қымбат және тапшы металл кобальтты пайдаланбай шығарылған электромобильдер аккумуляторларын өндіреді.

Электр және гибридті көліктердің ең үлкен нарығы – Қытай, бірақ ондағы электр көліктеріне  2022 жылы 96% сұраныс өсімнен 2023 жылы 36% өсімге дейін төмендеді. Сол себепті аккумуляторлық алпауыт CATL кірісі шамамен екі жыл ішінде алғаш рет төмендеді.

Соңғы уақытқа дейін электромобиль аккумуляторларының химиялық құрамы литий, никель, марганец және кобальтқа негізделген. Олар NMC батареялары ретінде де белгілі. Бұл батареялар арзанырақ, себебі құрамында кобальт жоқ. Олардың басқа да артықшылықтары бар: дәстүрлі литий батареяларына қарағанда ұзақ қызмет етеді және өрт қаупі аз. Кемшілігі – сыйымдылығы мен кернеуі төмен.

Бұған дейін Өзбекстанда қытайлық бренд электромобильдерін шығару жолға қойылғаны туралы хабарланған болатын.