Іздеуде жүрген екі қылмыскер Түркиядан елге қайтарылды

Алматы қаласының прокурорлары іздеуде жүрген екі қылмыскерді Түркиядан қайтарып алды.

Алматы прокуратурасы заңнаманы түсіндіру арқылы ауыр қылмыс жасағаны үшін іздеуде жүрген Қазақстан Республикасының екі азаматын өз еркімен қайтарған.

«Қашқындар Түркия Республикасының аумағында 5 жылдан астам тергеу органдарынан жасырынған.

28 наурызда қала әуежайында оларға қатысты процестік ұстау жүргізілді, екі фигурант уақытша ұстау изоляторына қамалды», — деп жазды Бас прокуратурадан.

Фото: Видеодан алынған кадр