Астана әкімі орынбасарының ата-анасы баласының қарамағында жұмыс істейтіні рас па?

Әкімдіктің мәліметінше, Есет Байкеннің ата-анасы өзінің қол астында жұмыс істемейді.

Есет Байкеннің анасы мемлекеттік қызметте 1997 жылдан бері жұмыс істеді. Соңғы қызметі қаржы басқармасы бастығының орынбасары болды. Ол Есет Байкен қызметке тағайындалғанға дейін өз еркімен мемлекеттік қызметтен кеткен.

Әкесі 2000 жылдан бері мемлекеттік қызметте жұмыс істеді. Есет Байкен Сарыарқа ауданының әкімі болып тағайындалған кезде-ақ мүдделер қақтығысын болдырмау үшін Көлік басқармасының бас маманы қызметінен өз өтініші бойынша жұмыстан кеткен.

Оның қазіргі жұмыс орны Есет Байкеннің қызметіне ешқандай қатысы жоқ.

 

«ozgeris.info»