Түркиядағы турнирде еліміздің әйелдер құрамасы үшінші орын алды

Түркияда өтіп жатқан күрес түрлерінен халықаралық «Yasar dogu&vehbi emre» турнирінде еліміздің әйелдер құрамасы жалпы командалық есепте үшінші орынға алды. Олардың еншісінде 2 күміс, 4 қола медальмен 133 ұпай бар.

Ел құрамасынан Ирина Кузнецова (62 келі) финалда қырғызстандық Айсұлу Тыныбековаға есе жіберіп, күміс медаль алды.

Сондай-ақ, құрама сапынан Эльмира Сыздықова (76 келі) дәл осындай нәтижеге қол жеткізді.

Ал Эмма Тисина (57 келі), Гүлдана Бекеш (59 келі), Елена Шалыгина (68 келі), Шамшиябану Тастанбек (72 келі) қола жүлдегер атанды.

Жалпы командалық есепте Жапония 135 ұпаймен бірінші орын алса, Моңғолия 133 ұпаймен екінші орынға табан тіреді.

Фото: ҚКФ